Accessibility links

Беларусь оппозициясының белсендісі рақымшылық сұрады


Сергей Ковалевқа бостандық беруге шақырған мына үнпарақ автобус аялдамасына жапсырылған. Минск, 19 наурыз 2012 ж.
Сергей Ковалевқа бостандық беруге шақырған мына үнпарақ автобус аялдамасына жапсырылған. Минск, 19 наурыз 2012 ж.
Түрмеде жатып ұзақ мерзімді аштық жариялап денсаулығын қатты әлсіретіп алған Беларусь оппозициясының белсендісі Сергей Коваленко ел президенті Александр Лукашенкодан өзіне рақымшылық жасауды сұраған.

Коваленко түрмеде өзіне қарсы қысым күшейген соң рақымшылық туралы өтініш берді деп хабарлады бүгін оның зайыбы Алена.

Ол түрмеде күйеуінің жалғыз адамдық камераға қамалғанын жеткізді. Әйелінің сөзінше, билік өкілдері егер Коваленко тиісті өтініш берсе оны шілденің 3-іне дейін босатады деп айтқан, бірақ өтініштің дер кезінде берілгеніне қарамастан оппозиция белсендісі түрмеде әлі отыр.

Сергей Коваленко мерзімінен бұрын шартты бостандыққа шығу тәртібін бұзған деген айып бойынша биыл ақпанда 25 айға түрме жазасына кесілген.
XS
SM
MD
LG