Бүгін Түркияда жарылыс салдарынан ұлттық қарулы күштердің екі сарбазы мерт болып, тағы бір әскери қызметкер мен жергілікті тұрғын жараланған.
Оқиға елдің оңтүстік-шығысында Дьярбакыр провинциясындағы негізінен күрдтер қоныстанған Лаче қаласының маңында болған. Сарбаздар мінген әскери көлік келе жатқан жолда алыстан басқарылатын мина жарылған.
Полиция бұл қылмыс Түркияда қызметіне тыйым салынған Күрд жұмысшы партиясы өкілдерінің ісі болуы мүмкін деген болжам айтады.
27 жыл бойы жалғасып келе жатқан сепаратистер мен түрік билігі арасындағы қарулы күрес салдарынан 40 мың адам қаза болған.
Түркия, АҚШ және ЕО Күрд жұмысшы партиясын террорлық ұйым деп санайды.