Accessibility links

Өзбекстанда құқық қорғаушыны пышақтап өлтірді


Пышақ. Көрнекі сурет.
Пышақ. Көрнекі сурет.
Өзбекстанда құқық қорғаушы Акромходжа Мухиддиновтың белгісіз біреулердің қолынан қаза тапқаны туралы Азаттық радиосына Өзбекстанның адам құқықтары жөніндегі альянсының жетекшісі Елена Урлаева хабарлады.

Оның айтуынша, Ташкент облысының солтүстігіндегі Тинчлик қаласында шілденің 25-і күні кешке беймәлім үш адам Мухиддиновқа шабуыл жасаған. Олардың бірі құқық қорғаушыға пышақ салған. Күдіктіні полиция ұстағанымен әзірге ешқандай ақпарат бермей отыр деді Урлаева.

Ол Мухиддиновтың өлімі марқұмның қызметімен байланысты болуы мүмкін деген болжамымен бөлісті. 59 жастағы Акромходжа Мухиддинов соңғы жеті жылдан бері Өзбекстанның адам құқықтары жөніндегі альянсының мүшесі болған және жергілікті фермерлердің құқығын қорғау шараларына қатысқан.
XS
SM
MD
LG