Accessibility links

Румынияда референдум өтіп жатыр


Румыния президенті Траян Бэсеску.
Румыния президенті Траян Бэсеску.
Бүгін Румынияда ел президенті Траян Бэсескуге «сенім білдіру» жөнінде референдум өтіп жатыр.

Референдум өткізу жөніндегі бастаманы билік басындағы социал-демократиялық партия жетекшісі, премьер-министр Виктор Понта көтерген еді. Ол «2010 жылы бюджетті қатайту шараларын енгізгенде президент өз билігін асыра пайдаланды» деп айыптап, Траян Бэсескудің орнынан түсуін талап еткен болатын.

Осыған дейін «Румыния премьер-министрі Виктор Понта докторлық диссертациясын көшіріп алған» деген ақпарат тараған еді. Бірақ Виктор Понта «бұл айыптау - президент Траян Бэсескудің саяси арандатушылығы» деп санайтынын айтқан еді.

Кейбір ақпарат көздері қоғамдық сұрау салулар нәтижесі, Румыния тұрғындарының үштен екісі президентке импичмент жариялауды қолдайтынын айтады.

«Референдум нәтижесі бұрмаланады» деп санайтын Бэсеску өзін қолдаушыларды дауыс беруге бармауға шақырды.

Еуроодақ пен АҚШ Румыниядағы саяси дағдарысқа алаңдаушылығын білдірді.
XS
SM
MD
LG