Accessibility links

Митт Ромни Израильдің Иранға күш қолдануын құптайды


Mитт Ромни.
Mитт Ромни.
Республикалық партия атынан АҚШ президенттігіне кандидат Митт Ромни Израиль Иранға ядролық қаруға ие болуына жол бермеу үшін әскери күш қолданатын болса құптауға дайын екендігін жеткізді.

Бұл жөнінде журналистерге бүгін Иерусалимде Ромнидің ұлттық қауіпсіздік бойынша аға көмекшісі Дэн Синор хабарлады.

Бұл ұстаным «Израильдің Иранға қарсы қандай да бір әскери шарадан тартына тұрғаны дұрыс болатыны» жөнінде айтып жүрген АҚШ президенті Барак Обаманың ұстанымына кереғар келеді.

Бүгін Митт Ромни Израиль басшыларымен кездеседі.
XS
SM
MD
LG