Accessibility links

Бадахшанда бөгеттің жарылу қаупі туралы ақпарат тексерілуде


Таулы Бадахшан картасы.
Таулы Бадахшан картасы.
Таулы Бадахшанда тәжік арнаулы қызметі Памир тауының етегіндегі Сарез көліне салынған бөгеттің жарылу қаупі туралы ақпараттарды тексеруде.

«Су бөгетіндегі жарылыс» туралы тәжік құқық қорғау органдарына әртүрлі ақпарат түсіп жатқанын айтады дерек көздері.

ИТАР-ТАСС агенттігінің мағлұматына қарағанда, Тәжікстанның Таулы Бадахшан облысында жекелеген топтар қолдарындағы заңсыз қаруларын тапсырып жатыр. Тәжікстан ішкі істер министрлігі «қаруын өз еркімен тапсырғандардың қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын» айтады.

Тәжік арнаулы қызметі өкілінің сөзінше «Памир тауының ішінде 1992-1997 жылдардағы азамат соғысынан қалған, билікпен ымыраға келмеген топтар» әлі де бар.

Тәжік Памирін «тазалауға» арналған үкімет күштерінің акциясы 24 шілдеде басталып, қақтығыс кезінде екі жақтан көптеген адам оққа ұшқан болатын.

Оған Таулы Бадахшан автономиялы облысы бойынша арнаулы қызмет өкілінің өлтіріліп, оны өлтірген адамды бұрынғы дала қолбасшыларының билікке бермей қоюы түрткі болған еді.
XS
SM
MD
LG