Accessibility links

Ресейдегі өрттің түтінді тұманы Астанаға жетті


Астана. Көрнекі сурет.
Астана. Көрнекі сурет.
«Астананы Ресейдегі өрттің түтінді тұманы басып тұр» деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Астана қаласындағы гидрометеорологиялық орталық директоры Людмила Чунтонованың сөзіне сүйеніп.

Чунтонованың айтуына қарағанда Астана ауасында жағымсыз иіс пайда болып, буалдыр тартуы Ресейде болып жатқан өртке байланысты. «Жүректері, немесе тыныс жолдары ауыратындарға әсер етуі мүмкін, басқаларға қауіп жоқ» дейді ол.

Ал "Сібірде 23 мың гектарда астам жер өртеніп жатыр, Томск облысында жағдай ушығып тұр" деп хабарлайды Ресей төтенше жағдайлар министрлігі. Бұл ведомствоның дерегінше, өрт аумағы бір күнде 16 пайызға дейін өсіп, 10 мың гектар жер тағы қосылған.

Сондай-ақ Ресейдің Красноярск өлкесінің 89 тұсында 12 мыңнан астам гектар жердің өртеніп жатқаны және Тува, Хакасия, Иркутск облыстарында да өртеніп жатқан жерлердің көптігі туралы ақпараттар тарауда.
XS
SM
MD
LG