Accessibility links

Йеменде содырлар Италия дипломатын ұрлады


Йемен содырлары. Көрнекі сурет.
Йемен содырлары. Көрнекі сурет.
Кеше содырлар Йеменде жұмыс істейтін Италия дипломатын ұрлап кетті. Сонымен қатар бұрынғы президент Әли Абдолла Салехты қолдайтын жергілікті тайпалардың 100-ге жуық қарулы адамдары өздерін полиция қатарына тіркеуді талап етіп, ішкі істер министрлігінің ғимаратына баса-көктеп барды.

Италия сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша, ұрланған дипломат Йемендегі Италия елшілігінің қауіпсіздік мәселелерімен шұғылданған. Басқа мағлұматтар беруден тартынған министрлік дипломатты босату үшін «дағдарыс қызметі» жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

Бұл оқиға Салехтың 33 жылдық билігіне қарсы ұзаққа созылған акциялардан кейін қол жеткен бейбіт келісімге қарамастан Йеменде бейберекеттілік әлі күнге жалғасып жатқанын көрсетеді.
XS
SM
MD
LG