Accessibility links

Украина орыс тілі туралы заң жобасын қайта қарамақ


Украина оппозициясының депуттары билік партиясының депутаттарымен төбелесіп жатыр. Киев, 24 мамыр 2012 жыл
Украина оппозициясының депуттары билік партиясының депутаттарымен төбелесіп жатыр. Киев, 24 мамыр 2012 жыл
Украина Радасы елдің орыс тілді өңірлерінде орыс тіліне ресми тіл мәртебесін беретін бұрын қабылданған заң жобасына қатысты оппозицияның ұсынған өзгерістері мен толықтыруларын кері қайтарды.

450 орындық Жоғары Раданың 257 депутаты шілденің басында қабылданған заң жобасын қайта қарауды қолдап дауыс берген болатын. Әзірге түпкілікті шешім белгісіз. Қайшылықты заңға қарсылық ретінде қызметінен кететінін мәлімдеген парламент спикері Владимир Литвиннің өтініші де қабылданбады.

«Асығыс қабылданған құжатқа қол қоймайтынын» Литвин осыған дейін бірнеше рет мәлімдеген еді. Заң жобасы қабылданғаннан кейін депутаттардың өзі екіге жарылып, Украинаның көптеген қалаларында қарсылық акциялары жасалған болатын.
XS
SM
MD
LG