Accessibility links

Қазақстан Лондон Олимпиадасында сегізінші орынға түсті


Александр Винокуров және Аслан Базаев (оң жақта) Лондон олимпиадасында. Лондон, 29 шілде 2012 жыл. Сурет ҚР спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің баспасөз қызметінен алынды.
Александр Винокуров және Аслан Базаев (оң жақта) Лондон олимпиадасында. Лондон, 29 шілде 2012 жыл. Сурет ҚР спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің баспасөз қызметінен алынды.
Лондонда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында жүлде алған елдер арасында Қазақстан сегізінші орында тұр. Бұл туралы ақпаратты «Олимпияда ойындары - 2012» ресми сайтынан көруге болады.

Қазақстанның еншісінде әзірге велоспортшы Александр Винокуров пен ауыр атлет Зүлфия Чиншанло алған екі алтын медаль бар.

Тізімді бастап тұрған Қытай құрамасында 9 алтын, 5 күміс, 3 қола медаль бар. 5 алтын, 7 күміс, 5 қола ұтқан АҚШ командасы екінші болып келеді. Ал үшінші орындағы Франция спортшылары 3 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлде еншіледі.

Тізім соңында бұрынғысынша жалғыз қола медалі бар Өзбекстан тұр.

27 шілдеде салтанатты түрде ашылған Лондон Олимпиада ойындары тамыздың 12-іне дейін жалғасады.
XS
SM
MD
LG