Accessibility links

Қырғызстанда тау басындағы көлдің ернеуінен асқаны хабарланды


Қырғыз табиғаты. Көрнекі сурет.
Қырғыз табиғаты. Көрнекі сурет.
Бүгін сағат он кезінде Қырғызстан астанасынан 40 шақырымдай жерде тау басындағы Тез-Төр көлі ернеуінен асып, осы аймақтағы елді мекендерді су басып қалу қаупі төнген. Бұл туралы мәлімет Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігінен түсті деп хабарлайды Азаттық радиосының қырғыз редакциясы.

Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігі мен Шу облыстық департаментінің қызметкерлері оқиға орнына аттанған. Қауіпті аймақтан зардап шеккендер туралы ақпарат әзір түскен жоқ.
XS
SM
MD
LG