Accessibility links

Ресейде оппозициялық блогерге ауыр айып тағылды


Блогер Алексей Навальный тергеу комитеті кеңсесінің алдында тұр. 31 шілде 2012 ж.
Блогер Алексей Навальный тергеу комитеті кеңсесінің алдында тұр. 31 шілде 2012 ж.
Бүгін Ресей тергеу комитетіне шақырылған танымал блогер Алексей Навальныйға ауыр айып тағылып, одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынған.

Тергеу комитетінің ресми өкілі Владимир Маркиннің айтуынша, Навальныйға ірі көлемде бөтеннің меншігіндегі мүлікті иемденіп кетуді ұйымдастырған деген айып тағылған. Ресей қылмыстық кодексі бойынша ондай қылмыс бойынша айыпты деп танылған адам он жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Ресей тергеушілері Навальныйға 2009 жылы Киров облысы губернаторының кеңесшісі болып тұрғанда "Кировлес" компаниясын тиімсіз шешім қабылдауға көндіріп, ірі көлемде зиян шектірген деген айып таққан.

Навальный бүгін өзіне тағылған айыптауларды "абсурд" деп атады. Оның сөзінше, бұл айыптаулар өзінің және өзге куәлердің тергеуге айтқан куләліктеріне қарама-қайшы.

Бұған дейін Навальныйдың іс-әрекетіне аймақтық тергеу органдары тексеру жүргізіп, олардың құрамында қылмыс жоқ деп тапқан еді. Бірақ мамыр айының соңында Ресей тергеу комитеті Навальныйға қатысты қылмыстық істі жабу туралы қаулының күшін жойды.
XS
SM
MD
LG