Ресейдің Челябинск қаласында 5 адам «Хизб ут-Тахрир» ұйымының мүшелері деген күдікпен ұсталған. Бұл туралы бүгін Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі хабарлады.
Күдіктілерге конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге дайындалған деген айыптар тағылған.
«Хизб ут-Тахрир» қозғалысы ислам халифатын құруды мақсат тұтады. Ресейде, Қазақстанда және Орталық Азияның тағы бірнеше елінде бұл ұйымның қызметіне тыйым салынған.