Өзбекстан бұдан былай кез-келген әскери-саяси ұйымға енбейтін мемлекетке айналды. Өзбек парламенті ел президенті Ислам Кәрімовтің жаңа саясатын мақұлдап бекітті.
Құжатта Өзбекстанға интеграцияны сырттан ешкім таңа алмайтыны, яғни өзбек мемлекеті енген халықаралық ұйым саяси немесе әскери сипат алып бара жатса, Өзбекстанның ол ұйымнан шығуға құқылы екендігі айтылған. Сонымен бірге Өзбекстан аумағында әскери базалар немесе шетел әскерін орналастыруға тыйым салынады және Өзбекстан шетелдегі ешқандай әскери операцияға қатыспайды.
Биыл маусымда Өзбекстан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының құрамынан шығатыны туралы мәлімдеді. Ұйымның хатшысы Николай Бордюжа кеше жасаған мәлімдемесінде, ресми Ташкенттің аталған ұйымнан шығу туралы шешімі Өзбекстанға кері әсерін тигізеді деген еді.