Accessibility links

Ауғанстанда жеті бүлікші өлтірілді деп хабарланды


Күдікті адамды ұстаған Ауғанстанның қауіпсіздік күштерінің өкілдері. Көрнекі сурет.
Күдікті адамды ұстаған Ауғанстанның қауіпсіздік күштерінің өкілдері. Көрнекі сурет.
Ауғанстандық ресми тұлғалар Кабулдағы ғимараттардың біріне шабуыл жасауды жоспарлаған жеті қарулы бүлікшінің көзі жойылды деп хабарлады.

Ауған қауіпсіздік қызметінің өкілі Лутфулла Машалдың айтуынша, қауіпсіздік қызметі күдіктілер жасырынған үйді анықтап, оларды қолға түсірмек болған. Алайда, қарулы күдіктілердің бірнешеуі өз өзін жарып жіберіп, қалғандары қарулы қарсылық көрсетіп, атыс барысында оққа ұшқан.

Олар жасырынған үйден жарылғыш заттар мен қару-жарақтың үлкен қоры табылғаны туралы хабарланып отыр.
XS
SM
MD
LG