Accessibility links

Ресейлік миллиардер саяси қуғыннан қауіптенеді


Ресейлік миллиардер Александр Лебедев.
Ресейлік миллиардер Александр Лебедев.
Ресейлік танымал кәсіпкер Александр Лебедев елдегі биліктің тарапынан саяси қуғыннан қауіптенетіндіктен Ресейдегі активтерін сатпақ ниетте. Бұл туралы банкир Рейтер агенттігіне берген сұқбатында мәлімдеді.

Путин қайтадан Ресей президенті болысымен Кремль тарапынан өзіне қарсы қысымның күшейе түскенін атап көрсеткен Лебедев қазіргі уақытта оппозиционер Алексей Навальныйдың басындағы жағдайға ұқсас қылмыстық қудалауға өзі де түсуі әбден мүмкін екендігін айтқан.

Лебедев меншігіндегі Ұлттық резервтік банкке биыл билік органдары жүргізген тексерудің астарында саясат жатыр деп санайды. Ол банктен өзге Александр Лебедевте «Газпром» және «Аэрофлот» сияқты үлкен компаниялардың акциялар пакеті бар. Сондай-ақ, «Новая газета» басылымына иелік жасайтын «Новые медиа» холдингі де соның меншігінде.

Forbes журналының бағалауынша, ресейлік кәсіпкер Александр Лебедевтің дәулеті миллиард доллардан асады.
XS
SM
MD
LG