Жұма күні Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының қабылдаған қарары Сириядағы зомбылықты айыптады. Сонымен бірге құжатта Сириядағы қантөгісті тоқтату үшін пәрменді шаралар қолдану жөнінде келісімге келе алмаған БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесіне сын айтылған.
Қарарда Сирияға саяси өзгерістер қажеттігі және елде қантөгістің жалғасып жатқаны үшін негізгі жауапкершілік президент Башар Асадтың режиміне жүктелетіндігі атап көрсетілген.
Бірқатар араб елдері әзірлеген бұл қарардың жобасы дауысқа салынғанда БҰҰ-ға мүше 133 ел оны қолдап, 31-і қалыс қалды. Ал қарарға қарсы болған 12 мемлекеттің арасында Қытай, Ресей және Үндістан бар.
Жұма күні Сирияның ең ірі қалалары Дамаск пен Алеппода үкімет күштері мен көтерілісшілер арасында ұрыстар жалғасты. Хам қаласында бейбіт тұрғындардан көп адам құрбан болғаны туралы ақпарат тарады. Сириялық белсенділер өткен 17 айдың ішінде елде қаза болған мыңдаған адамның көпшілігі бейбіт тұрғындар екенін айтады.