Израиль барлау қызметі - «Мосадтың» бұрынғы жетекшісі Эфраим Галеви америкалық БАҚ-тарға берген сұқбатында алдағы 12 аптаның ішінде Израиль Иранға шабуыл жасауы мүмкін деген пікір таратқанын айтады tengrinews.kz ақпарат егінттігі дереккөздерге сілтей отырып.
Оның сөзіне қарағанда Иран ядролық нысандарын Израиль АҚШ көмегінсіз бомбалауы екіталай.
Осыған ұқсас пікірді таяуда әскери барлау қызметінің (АМАН) бұрынғы бастықтары - запастағы генерал-майорлар Аарон Зеэви-Фаркаш пен Амос Ядлин де айтқан болатын. Бұл екеуі де Иранның ядролық нысандарына соққы беру қателік болатынын жеткізген еді.
Кейбір ақпарат құралдарының айтуына қарағанда, бұрынғы жоғары лауазымды әскерилердің бұл пікірлері Иран мен АҚШ-тағы қоғамдық ой-пікірге түрткі салу үшін жарияланып отыр. Ондағы мақсат – егер Иран жуық арада ядролық бағдарламасынан бас тартпайтын болса Израиль басшылығының шешуші қадамнан тайынбайтындығын аңғарту.