Accessibility links

Тәжікстан полициясы басшысының мәйіті табылды


Таулы Бадахшан облысында содырлармен болған ұрыста қаза тапқан үкімет әскерлері. Тәжікстан, 26 шілде 212 жыл.
Таулы Бадахшан облысында содырлармен болған ұрыста қаза тапқан үкімет әскерлері. Тәжікстан, 26 шілде 212 жыл.
Тәжікстанның Таулы Бадахшан автономиялы облысындағы Пяндж өзенінің жағасында Тәжікстанның ерекше мақсаттағы полиция отряды (ОПОН) қызметі бастығының орынбасары, подполковник Фарух Зариповтың мәйіті табылды.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, полиция басшысының неден қаза тапқаны белгісіз. Қазір оның өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Фарух Зарипов 24 шілдеде Таулы Бадахшанда тәжік арнаулы күштерінің содырларға қарсы жүргізген арнайы операциясына қатысқан еді. Ресми мәліметтер бойынша, операция барысында бір бейбіт тұрғын, 17 үкімет сарбазы және 30 содыр қаза тапқан.

25 шілдеде екі жақ арасында бітім жасалып, қақтығысты тоқтату туралы келіссөздер басталғаны туралы хабарланған. Бұдан соң тәжік билігі содырлар қаруларын өткізіп жатқанын, есесіне оларға рақымшылық жасалатынын мәлімдеген.

Тәжік арнаулы қызметі бұған дейін «Памир тауының ішінде 1992-1997 жылдардағы азамат соғысынан қалған, билікпен ымыраға келмеген топтар» әлі де бар екенін айтқан еді.
XS
SM
MD
LG