Accessibility links

Сирияның мемлекеттік телеарнасында жарылыс болды


Жарылыс болған телеарна ғимараты. Дамаск, 6 тамыз 2012 жыл.
Жарылыс болған телеарна ғимараты. Дамаск, 6 тамыз 2012 жыл.
Дамаскіде дүйсенбіде мемлекеттік телеарна ғимаратында жарылыс болды. Жарылыстан зардап шеккендер бар болғанымен, нақты саны белгісіз.

Жарылыс болған Сирия телеарнасының өзінің хабарлауынша, бомба ғимараттың үшінші қабатында жарылған. Бірақ телеарна хабар таратуын тоқтатқан жоқ. Әзірге жарылысқа жауапркершілікті ешкім мойнына алмады.

Дамаскіде бірнеше аптадан бері үкімет әскері мен "Сирия ерікті армиясы" деп аталатын көтерілісшілер арасында кескілескен шайқас жүріп жатыр. Күні кеше сириялық әскери қолбасшылар көтерілісшілердің қаладан ығыстырылып шығарылғаны туралы хабарлады.

Ал бүгін Сирия әскері Алеппо қаласына шабуыл жасағаны туралы хабарлар тарады.
XS
SM
MD
LG