Accessibility links

Иван Дычко жартылай финалға шықты


Лондон олимпиадасындағы боксшылар жекпе-жегі. Көрнекі сурет
Лондон олимпиадасындағы боксшылар жекпе-жегі. Көрнекі сурет
Лондон олимпиадасында аса ауыр салмақта жарысқа қатысып жатқан қазақстандық боксшы Иван Дычко 6 тамыз күні түн ортасына таяу өткен ширек финалдық жекпе-жекте канадалық қарсыласын ірі есеппен ұтты. Дычко қарсыласын бір мәрте нокдаунға жіберді.

Жартылай финалға жолдама алған Дычко келесі бәсекеде жеңілгеннің өзінде бокс турнирінің ережесіне сай кем дегенде қола жүлдеге қол жеткізіп тұр. Қазақстандық боксшының келесі қарсыласы ұлыбританиялық Энтони Джошуа ширек финалда қытайлық Чжан Чжилэйді айқын басымдықпен ұтты.

Осы күні 60 кг салмақта сайысқа түскен Ғани Жайлауов кубалық қарсыласынан ұпай айырмасы бойынша ұтылды.
XS
SM
MD
LG