Шымкентте өткен аптада "Бекжан" базары өртенгенде қырғызстандық 1980 жылы туған Қаныбек Мамасадықов қаза тапты деп хабарлады Азаттық радиосының Қырғыз қызметі. Бұл туралы ақпаратты Қырғыз қызметіне Қырғызстанның Алматыдағы консулы жеткізген.
Қаза тапқан Қырғызстан азаматы Ош облысында туған. Базарда сауда жасаушы қырғыздардың айтуынша, мұнда 7 мыңға тарта қырғыз жұмыс істеген. Өрт кезінде 5 мыңға жуық қырғыздың тауары жанып кеткен.
3 тамызда болған өрттен базардың түгі қалмай жанып кетті. Өртенген жердің аумағы 4 мың шаршы метрді құрайды.