Accessibility links

АҚШ-та Таулы Қарабах аймағына қатысты қарар қабылданды


Таулы Қарабах аймағының картасы. Көрнекі сурет.
Таулы Қарабах аймағының картасы. Көрнекі сурет.
АҚШ-тың Массачусетс штатының депутаттары президент Барак Обама мен АҚШ конгресін Әзірбайжанның сепаратистік аймағы - Таулы Қарабахтың өзін-өзі анықтау құқын қолдауға шақырған заң қабылдады.

Штаттың өкілдер палатасы қабылдаған қарарда Таулы Қарабахта өткен айда болған президент сайлауы "аймақтың демократиялық даму жолына жасаған маңызды қадамы" деп бағаланған.

Мамыр айында да Род-Айленд штатының өкілдер палатасы осыған ұқсас қарар қабылдаған. Екі қарар жобасына да АҚШ-тағы өздерін Таулы Қарабах аймағының өкілдері санайтын лоббистік кеңсе өкілдері қолдау көрсеткен.

Таулы Қарабах аймағына қатысты Армения мен Әзербайжан арасында 1989 жылдан 1994 жылға дейін қарулы қақтығыстар болып тұрды. Бірақ аймақтың мәртебесі әлі түбегейлі анықталған жоқ. Әлемнің ешбір елі Таулы Қарабахтың тәуелсіздігін мойындамайды.
XS
SM
MD
LG