Accessibility links

Ресей-Грузия жанжалының материалдары Гаага сотына жіберілді


Ресей тергеу комитетінің өкілі Владимир Маркин.
Ресей тергеу комитетінің өкілі Владимир Маркин.
Ресейдің тергеу комитеті Гаагадағы халықаралық қылмыстық сотқа 2008 жылдың тамызында Оңтүстік Осетияда болған жанжалға қатысты тергеу материалдарын жіберді деп хабарлайды Азаттық радиосының орыс қызметі.

Тергеу комитетінің өкілі Владимир Маркиннің айтуына қарағанда, Ресей халықаралық құқық нормаларына сай "Оңтүстік Осетиядағы қылмыстарға кінәлі" Грузияның лауазымды тұлғалары мен әскерилерін жауапқа тарта алмайды. Ал Грузия болса "кінәлілерді" жауапқа тартудан бас тартып отыр. Ресей сол себепті істі халықаралық сотқа жіберіп отыр.

Оның айтуынша, Ресей тергеу материалдарында "соттың әділ өтуіне кедергі келтіріп отырған себептерді" де көрсеткен.
XS
SM
MD
LG