Accessibility links

Египет армиясы Синай түбегіне соққы жасады


Египеттің Газа секторымен шекарасында тұрған танкі. Көрнекі сурет.
Египеттің Газа секторымен шекарасында тұрған танкі. Көрнекі сурет.
Египет қарулы күштері сәрсенбіде Синай түбегіндегі ислам радикалдары орналасқан деп жорамалданған нүктелерге әуеден соққы берді. Бұл туралы Египеттің қауіпсіздік күштері хабарлады. Үкіметтік Ahram агенттігінің хабарына қарағанда, соққыдан 20-дан астам содыр қаза тапқан.

Бүгін таңертең Синай түбегінде Израильмен шекарадан 50 шақырым жердегі Әл-Ариш қаласының жанындағы өткізу бекетіне шабуыл жасалған еді. Египет билігінің дерегінше, екі әскери, екі полицей мен бір бейбіт тұрғын жараланған.

Жексенбіде Египеттің Рафах қаласындағы шекара бекетіне шабуыл жасалып, египеттік 16 әскери мен шекарашы қаза тапқан еді. Президент Мұхаммед Мурси бұдан соң Синай түбегіне толықтай бақылау орнатуға уәде берген.
XS
SM
MD
LG