Accessibility links

Сирия көтерілісшілері: Ресей генералын өлтірдік


"Сирия ерікті армиясының" жауынгерлері Сирияда арнайы операция барысында ресейлік генералды өлтіргендерін мойындады. Бұл туралы бүгін "Әл-Арабия" телеарнасы хабарлады. Көтерілісшілердің айтуынша, Владимир Каджиев есімді генерал Сирия қорғаныс министрі мен бас штаб бастығының кеңесшісі қызметін атқарған.

Көтерілісшілер генералмен бірге орыс аудармашы Ахмед Икті де өлтірген. Каджиевтан оппозицияға қатысты бірнеше карта мен құжаттар алынған.

Башар Асад режимінің қарсыластары "бұл Ресейдің Сириядағы дағдарысқа араласып отырғанын дәлелдейді" дейді.

Бірақ Ресей әскерилері генерал Каджиевтің қазасы туралы ақпараттты арандатушылық деп, жоққа шығарды.
XS
SM
MD
LG