Accessibility links

Татарстанда балаларды күштеп ұстаған діни ағым анықталды


Файзрахман Саттаров ағымының жақтастары. Қазан, 3 тамыз 2012 жыл.
Файзрахман Саттаров ағымының жақтастары. Қазан, 3 тамыз 2012 жыл.
Татарстанда балаларды 10 жылдан астам уақыт бойына жертөледе күштеп жасырын ұстаған исламшыл ағым анықталды. Ағым жетекшісі 83 жастағы Файзрахман Саттаровқа "балаларға озбырлық жасады" деген айып тағылды.

Секта Қазан қаласында 1 тамызда, таяуда Татарстанның бас мүфтиі мен оның орынбасарына жасалған қастандықты тергеу үшін жүргізілген шара кезінде анықталған. Тінту нәтижесінде Саттаровтың үйінің астынан сегіз қабаттан тұратын, жеке-жеке бөлмелерге бөлінген тұрақ табылды. Онда 27 бала мен 38 ересек адам тұрып келген. Балалардың көпшілігі жертөледе туған және ешқашан жер бетіне шықпаған. Оларға тіпті дәрігерге көрінуге де рұқсат етілмеген.

Ресейлік Islam News сайтының дерегіне қарағанда, Саттаров өзін 1960 жылдары пайғамбар деп жариялаған. Исламшыл ағым мүшелері өздерін "файзрахманшылар" деп атайды және Ресей заңдары мен Татарстан мұсылман дінбасыларының билігін мойындамайды.
XS
SM
MD
LG