Accessibility links

Жалпыға ортақ әскери оқыту бағдарламасы қабылданды


Мерекелік шара кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге келген полиция мен ішкі әскер күштері. Көрнекі сурет.
Мерекелік шара кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге келген полиция мен ішкі әскер күштері. Көрнекі сурет.
Қазақстан үкіметі жалпыға ортақ әскери оқыту бағдарламасын бекітті деп жазады ресми басылымдар.

Бағдарламада әскери оқытудың мақсаты халықты азаматтық қорғаныс шаралары мен әскери тәртіп енген жағдайда қажетті қарулы күштер контингентін жасақтауға дайындау делінген.

Жалпыға ортақ әскери оқытуға 16 мен 60 жас аралығындағы ерлер, 17 мен 45 жас аралығындағы әйелдер, әскерилер мен офицерлер қатыстырылады. Әскери оқытудың мерзімі - 25 сағат. Әскери оқыту сабақтары тұрғындардың тұрғылықты жері, оқу немесе жұмыс орнында жүргізіледі.

Оқыту бағдарламасына негізінен алғашқы медициналық көмек көрсету, ұрыс қимылдарын ұйымдастыру, солдаттың соғыс уақытындағы қимылы, атыс қаруын қолдану, әскери топография сияқты курстар енгізілген.
XS
SM
MD
LG