Accessibility links

Ливияда билік ұлттық ассамблеяға тапсырылды


Ливиядағы билікті тапсыру салтанатынан көрініс. Триполи, 8 тамыз 2012 жыл.
Ливиядағы билікті тапсыру салтанатынан көрініс. Триполи, 8 тамыз 2012 жыл.
Ливия ұлттық өтпелі кеңесі билікті таяуда ғана сайланған ұлттық ассамблеяға тапсырды.

Билікті тапсыру салтанаты Триполиде қатаң күзетпен өтті. Өткен жылы Муаммар Каддафиді биліктен тайдырған оппозициялық күштердің ұйымы - ұлттық өтпелі кеңес таратылады.

Салтанатты шарада конгресс мүшелері ант қабылдады. Енді ассамблея елдің жаңа премьер-министрін тағайындап, заңдар қабылдайды. Келесі жылы жаңа конституция қабылданған соң, Ливия парламент сайлауына дайындалады.

Ливияның жаңа заманғы тарихында билік тұңғыш рет бейбіт түрде тапсырылып отырғандықтан, салтанатты шараға халық көп жиналды.

Дегенмен билік өз еркімен бағынғысы келмеген қарулы топтармен әлі күнге күресіп келеді.
XS
SM
MD
LG