Accessibility links

Ресейлік МТС Өзбекстан билігін айыптады


МТС компаниясының бөлімшесі. Ташкент.
МТС компаниясының бөлімшесі. Ташкент.
Ресейдің МТС ұялы байланыс компаниясы Өзбекстандағы филиалының қызметкерлері сол елдің билігі тарапынан қуғынға ұшырап отыр деп мәлімдеді. Мобильді байланыс операторының дерегі бойынша, қызметкерлерді компанияның заңсыз қызметпен айналысқаны туралы жалған куәлік беруге мәжбүрлеп жатыр.

Компанияның вице-президенті Майкл Хеккер "МТС-тің серіктесі - "Уздуннорбита" компаниясының қызметкерлерін жабық түрде тергеуге алып, жалған куәлік беруге мәжбүрлеп жатқанын" айтады.

"Уздунорбита" - Өзбекстандағы ең ірі мобильді байланыс операторы. Оны Өзбекстан үкіметі "қаржы жымқырды, алаяқтық жасады" деп, лицензиясынан айырған. Бірқатар сарапшылар кейбір өзбек элитасы осы әрекеттері арқылы компанияның миллиардтаған долларға бағаланатын акцияларын иемденгісі келеді деп санайды.

Майкл Хеккер "МТС Өзбекстандағы жұмысын қайта бастау үшін барлық заңды тетіктерді пайдаланатынын" мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG