Accessibility links

Хиллари Клинтон Түркияға барды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон.
Африка сапарынан соң АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Сириядағы жағдайды Түркия басшылығымен талқылау үшін Стамбулға барды. Сонымен бірге ол Түркияда сириялық оппозиция өкілдерімен де кездеспекші.

Клинтон қатысатын келіссөздерде Сирияда президент Башар Асадтың режимі құлаған жағдайда өтпелі кезеңге дайындық жайы да сөз болады деп хабарланды.

БҰҰ-ның мәліметтері бойынша, соңғы уақытта Сириядан, әсіресе елдің солтүстігіндегі Алепподан көршілес елдерге босқындар легі көбейген. Қазір Түркия Сириядан бассауғалап барған елу мыңнан астам босқынды паналатып отыр.
XS
SM
MD
LG