Accessibility links

Египетте содырлар тайпа басшысын өлтірді


Египет қарулы күштері Синай түбегінде содырларға қарсы операция жүргізіп жатыр. 8 тамыз 2012 жыл.
Египет қарулы күштері Синай түбегінде содырларға қарсы операция жүргізіп жатыр. 8 тамыз 2012 жыл.
Бүгін Египеттің Синай түбегінде жергілікті тайпа басшысы Халаф әл-Менахи мен оның баласы кісі қолынан қаза тапты. Қауіпсіздік қызметінің өкілі әл-Менахи мен оның ұлын тайпа басшыларының жиынынан қайтып бара жатқанда содырлар атып кеткенін айтады. Жиында жергілікті тайпа басшылары исламшыл содырлардың соңғы кездегі қимылдарын айыпталған еді.

Қарулы исламшыл топтар 5 тамызда түбекте 16 шекарашыны өлтіріп кеткен соң Египет билігі оларға қарсы операция бастаған.

Reuters агенттігінің жексенбідегі хабарына қарағанда, қарулы топтар египеттік әскерилердің сол күні 5 исламшыл содырды өлтіргеніне жауап шарасын талқылаған. Бұл туралы агенттікке қарулы топтарға жақын дереккөзі жеткізген.

Жексенбіде Египет президенті Мұхаммед Мурси елдің жоғарғы әскери кеңесінің бұрынғы басшысы, қорғаныс министрі, фельдмаршал Хусейн Тантауиді және бас штаб басшысын қызметінен босатты.
XS
SM
MD
LG