Accessibility links

Митт Ромни: «АҚШ экономикасын қалпына келтіремін»


АҚШ президенттігіне үміткер Митт Ромни. Иерусалим, 29 шілде 2012 жыл.
АҚШ президенттігіне үміткер Митт Ромни. Иерусалим, 29 шілде 2012 жыл.
АҚШ президенттігіне Республикалық партиядан үміткер Митт Ромни елдің экономикалық қуатын бұрынғы қалпына келтіретінін мәлімдеді. Солтүстік Каролина штатында сөйлеген ол Демократиялық партия атынан түскен бәсекелесі, қазіргі президент Барак Обаманы "жұмыссыздар санын көбейтті, оның тұсында жалақы төмендеп, қаржы дағдарысы күшейді" деп айыптады.

Ромни мен оның серігі Пол Райан елді автобуспен аралап жүр. Барак Обама вице-президенттікке үміткер Пол Райанды "Республикалық партияның идеологиялық жетекшісі" деп атады.

АҚШ-та президент сайлауы 2012 жылы қараша айында өтеді.
XS
SM
MD
LG