Қазақстанның бокстан олимпиадаға аттанған құрамасы 14 тамызға қараған түні Лондоннан Астанаға оралды.
Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, күміс жүлдегер Әділбек Ниязымбетов және қола медальге ие болған Иван Дычко мен боксшы қыз Марина Вольнова бастаған құраманы әуежайда қарсы алушылар гүл шоқтары, плакаттар, ұрандармен күтіп алды. Боксшылардың құрметіне салтанатты шара ұйымдастырылды.
Әуежайда боксшылар журналистерге арнап баспасөз жиынын өткізді.