Accessibility links

АҚШ мемлекеттік хатшысының өкілі Қазақстанға келеді


АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісі Роберт Блэйк.
АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісі Роберт Блэйк.
АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісі Роберт Блэйк бүгін Орталық Азия мемлекеттеріне ресми сапарын бастайды.

Мемлекеттік департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Блэйк 14-15 тамыз күндері Алматыға келеді. Ал 15-18 тамызда Өзбекстан астанасы Ташкентке барады.

Роберт Блэйк Алматыда Орталық Азия аймағындағы экономикалық интеграция мәселесі бойынша бизнес өкілдерімен дөңгелек үстел өткізбек.

Ол Ташкентке Өзбекстан мен АҚШ арасындағы жыл сайынғы екі жақты кеңес өткізу делегациясын бастап барады. Делегациялар екі жақты қарым-қатынастың барлық аспектісін талқыламақ. Олардың арасында аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары, есірткі саудасымен күрес, экономикалық байланыс мәселелері бар.

АҚШ делегациясы Өзбекстанда азаматтық қоғам өкілдерімен де кездеседі деген жоспар бар.
XS
SM
MD
LG