Accessibility links

Алматы облысындағы шатқалдан 8 адамның мәйіті табылды


Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов.
Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов.
Алматы облысының Ақсай шатқалында сегізінші адамның мәйіті табылды деп хабарлады ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымовқа сілтеме жасаған "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Дүйсенбіде Ақсай шатқалында әуелі жеті адамның мәйіті табылғаны хабарланған. Оның екеуі жергілікті қорықшының үйінен, тағы үш мәйіт үйге жақын маңнан, ал қалған екеуі басқа бір орманшының үйінен табылған.

"Қазір сегізінші адамның мәйіті табылып отыр. Оқиға болған жерде кімнің болғаны анықталып жатыр. Үйді тексеріп шықты. Ешнәрсесіне тиіспеген. Жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Мәйіттерге сот медициналық сараптама жасалады" деді министр Қасымов.

Болжам бойынша, мәйіттердің бірі танымал қорықшы және браконьерлермен күресуші Панайот Захаропулонікі делінеді.
XS
SM
MD
LG