Accessibility links

Атырауда қытайлық жұмысшылар төбелес шығарды


"Синопек Инжиниринг" компаниясының мердігері "Евразия строй капитал 2007" жұмысшылары наразылық білдіріп тұр. Атырау, Балықшы ықшам ауданы, 3 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
"Синопек Инжиниринг" компаниясының мердігері "Евразия строй капитал 2007" жұмысшылары наразылық білдіріп тұр. Атырау, Балықшы ықшам ауданы, 3 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Атырауда қытайлық "Синопек инжиниринг" компаниясының 30-дай қытайлық жұмысшысы жатақханада төбелес шығарды деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасаған ҚазТАГ агенттігі

Департаменттің баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарованың айтуынша, дүйсенбі күні Доссор көшесінде орналасқан жатақханада 30 шақты адам төбелескені туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына барған полицейлер төбелесті тоқтатқан. Төбелестен соң төрт қытайлық азамат медициналық көмек сұраған.

Мұхтарова төбелестің "тұрмыстық кикілжіңнен" туындағанын айтады.
XS
SM
MD
LG