Accessibility links

Астанада спорт журналисін ұрып кеткен


Астанада спорт журналисі Максим Карташовты үйінің жанында соққыға жығып кетті деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Журналистің өзінің айтуына қарағанда, оны кеше кешкі сағат 10 шамасында үйінің алдында белгісіз үш адам ұрып кеткен. Дәрігерлер оның мойнында буындырғаннан қалған із барын анықтаған.

Карташов шабуылды кәсіби қызметімен байланыстырады. Ол прокуратураға арыз жазып, бұған Қазақстан хоккей федерациясының президенті Асқар Мәминнің қатысы барын тексеруді сұрамақ. "Барыс" хоккей клубының жаттықтырушысы Александр Ахцигер мен клубтың бұрынғы президенті Нұрлан Оразбаевтың қатысы барын да тексертіп көрмек. Айтуынша, ол хоккей федерациясы мен хоккей клубы жайында сыни мақалалар жазған.
XS
SM
MD
LG