Accessibility links

Швеция Беларусьтегі азаматтарын сақтандырды


Швед фирмасының Минскіге сөз бостандығын талап етіп әуеден тастаған ойыншық аюларының бірі.
Швед фирмасының Минскіге сөз бостандығын талап етіп әуеден тастаған ойыншық аюларының бірі.
Швецияның Минскідегі елшілігі швед азаматтарына Беларусьте сақ болуды ескертті. Ескерту Беларусь аумағында жүрген шведтерге жасырын түрде қоқан-лоқы көрсетілгеннен кейін дипломатиялық өкілдіктің сайтында жарияланды.

Бірақ Беларусь сыртқы істер министрлігінің өкілі қоқан-лоқы көрсетілгені туралы ақпаратты "жала жабу" деп атады.

Екі ел арасындағы қарым-қатынас өткен айда шведтік маркетинг компаниясы Минскіде ұшақтан демократиялық сипаттағы ұрандар жазылған ойыншық аюлар тастаған акция өткізген соң шиеленісіп кетті. Мұның соңы елден швед дипломаттарының шығарылуына ұласты.
XS
SM
MD
LG