Accessibility links

Египетте 14 содыр өлім жазасына кесілді


Египет қарулы күштері Синай түбегінде содырларға қарсы операция жүргізіп жатыр. 8 тамыз 2012 жыл.
Египет қарулы күштері Синай түбегінде содырларға қарсы операция жүргізіп жатыр. 8 тамыз 2012 жыл.
Египет соты исламшыл 14 содырды "өткен жылы Синай түбегінде полиция бекеті мен банкке шабуылдар жасады" деген айыппен өлім жазасына кесті.

Исмаилия қаласының соты олардың Синайдың солтүстігіндегі Әл-Ариш қаласында 5 полицейді өлтіргенін айтады. Ал банкке жасалған шабуылда бір бейбіт тұрғын қаза тапқан. Сот бұған қоса айыпталған адамдардың исламшыл "Таухид әл-Жиһад" тобының мүшелері екенін айтады.

Шабуылдар өткен жылы маусым, шілде айларында экс-президент Хосни Мүбәрәк биліктен кеткен соң Синай түбегінде орнаған бей-берекетсіздік кезінде жасалған.

Үкім түбекте исламшыл қарулы топтардың қауіпсіздік күштеріне соңғы жылдары жасаған ірі шабуылынан 10 күн өткен соң шығып отыр. Содырлар Египеттің Израильмен шекарасына жасаған шабуылдан 16 шекарашы мен әскер қаза тапты.
XS
SM
MD
LG