Ақтөбенің №2 облыстық соты "радикалды экстремистік топтың мүшесі" делінген 25 жастағы ер адамды 8 жылға соттады деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.
Облыстық соттың хабарлауынша, сотталушы "террористік топ құрамына кіргені, заңсыз қару, жарылғыш заттар дайындап, сақтағаны" үшін қылмыстық кодекстің 233-бабы 2-тармағының 2-бөлімі, 251-баптың 3-бөлімі, 252-баптың 2-бөлімі бойынша айыпты деп танылған.
Сотталушы жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді.