Accessibility links

Атырауда 4 тұтқын аштық жариялады


Атыраудағы түрмелердің бірі. (Көрнекі сурет)
Атырау қаласына Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев келген күні, 15 тамызда осындағы УГ157/9 мекемесінде жазасын өтеп жатқан төрт сотталушы - Аслан Ерғалиев, Асұлан Аймұратов, Бегәлі Шәмшиденов және Еркін Орынбасаров сот шешіміне наразылық ретінде аштық жариялады.

Олар биыл маусымның 4 күні Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданааралық сотының шешімімен, «жалған ақша жасады» және «ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, басқарды» деген айыптрамен 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылған еді.

Сотталушылар сот шешімін тым әділетсіз болды деп санайды. Адвокат Мырзахан Төлегеновтың айтуынша, оларға тағылған жалған ақша жасағандықтары жайлы айып сотта өз дәлелін тапқан жоқ.

- Мәселен, менің қорғауымдағы Шәмшиденов 2000, 5000 және 10 000 теңгеліктерді жасады деп айыпталады, бірақ оған дәлел жоқ. Мұның бәрі тек қаржы полициясының жұмысын жарнамалап, «Атырауда аса ірі синдикаттың» ашылғанын хабарлау мақсатында ұйымдастырылған іс болды, - дейді адвокат.

Сотталушылар Азаттық тілшісіне сот істерін қайта қарамайынша наразылықтарын жалғастыра беретіндерін айтты. Әзірге аштық жариялаған сотталушылар ахуалы туралы облыстық прокуратура мен қылмыстық атқару жүйесі департаменті ақпарат бермеді.
  • 16x9 Image

    Сәния ТОЙКЕН

    Сәния Тойкен Азаттық радиосында 2007 жылдан бері жұмыс істейді. ҚазҰУ-дің журналистика факультетін бітірген. Республикалық  "Қазақстан пионері", "Жас Алаш" газеттерінде тілші болған. Қазақстан Республикасы Жекешелендіру жөніндегі комитетінің баспасөз хатшысы қызметін атқарған. Атырау облыстық "Ақ Жайық" газетінде  тілші, қазақ редакциясының редакторы, Маңғыстау облысында шығатын "Не хабар?!" апталығының редакторы болып жұмыс істеген. 

    Сәния Тойкен 2017 жылы журналист әйелдердің халықаралық қоры (IWMF) тағайындаған "Журналистикадағы батылдығы үшін" сыйлығын иеленді. Ол - бұл беделді сыйлықты алған алғашқы қазақстандық журналист.

XS
SM
MD
LG