Accessibility links

Ресей патриархы Польшаға барады


Орыс праволсавие шіркеуінің патриархы Кирилл.
Орыс праволсавие шіркеуінің патриархы Кирилл.
Ресей патриархы Кирилл бейсенбіде Польшаға екі елдің қарым-қатынасын жақсарту мақсатында төрт күндік сапармен барады. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін тәуелсіздігін алғаннан бері Польшаға Ресей патриархы алғаш рет барғалы отыр.

Төрт күндік сапарында Кирилл православ автокефальді шіркеуінің жетекшілерімен кездесіп, бірқатар шіркеулерді араламақ. Кейбір жоғары шенді шенеуніктермен және Польшаның католик шіркеуінің басшыларымен де жолығады.

Сапар барысында поляктар мен орыстарды өткен ортақ тарихта бір-біріне жасаған зорлық-зомбылықтарын кешіруге шақыратын құжатқа қол қойылмақ. Құжатқа 17 тамызда Варшаваның патшалар сарайында Кирилл мен Польша епископтары конференциясының басшысы, архиепископ Джозеф Михалик қол қояды.
XS
SM
MD
LG