Қырғызстан президенті аппаратының сыртқы саясат бөлімінің бастығы Сапар Исаков осы аптада Ресей әскери базасын елде тағы 15 жыл мерзімге қалдыру туралы келісім жасалғанын хабарлады.
Исаковтың сөзіне қарағанда, Қанттағы әскери базаны пайдалану туралы келісім Қырғызстан мен Ресей арасында бұрыннан бар. Оның мерзімі 2017 жылы бітеді. Ал жаңа жасалған келісім 2017 жылдан кейін күшіне енеді.
Президент аппаратының өкілі Ресейдің әскери базаны жалға алу мерзімін 49 жылға ұзартқысы келгенін, бірақ Қырғызстанның оған келіспегенін айтады. Қазір жалға алу мерзімін тағы 15 жылға ұзартуға келісімі жүріп жатыр.
Ресей қазір Қырғызстанға базасын жалға алғаны үшін жылына 4,5 миллион АҚШ долларын төлейді.