Accessibility links

Солтүстік Қазақстанда бір жұмысшы қаза тапты


Жұмыс істеп жатқан дәнекерлеуші. Көрнекі сурет
Жұмыс істеп жатқан дәнекерлеуші. Көрнекі сурет
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Рузаевка ауылында бұрынғы жанар-жағармай құю станциясында жұма күні кешкісін шыққан өрт салдарынан бірі адам қаза болған деп хабарлады Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі.

Оқыс оқиға кешкі сағат жеті жарым шамасында болған. Дәнекерлеу жұмыстары кезінде алдымен жарылыс болып, өртке ұласқан. Жарылысқа жанар-жағармай қалдығынан бөлінген бу себеп болған деп хабарланды.

Өрт бір сағаттың ішінде сөндіріліп, оқиға болған жерден «Корель» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде дәнекерлеуші болып жұмыс істейтін 50 жастағы ер адамның мәйіті табылған.
XS
SM
MD
LG