Accessibility links

Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяны жойып жіберуге дайын


Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын республика қарулы күштеріне Оңтүстік Кореяны жойып жіберуге дайын тұру жөнінде бұйрық берді.

Ким Чен Ын бұл бұйрықты бүгін басталып, 30 тамызда аяқталатын АҚШ пен Оңтүстік Кореяның жыл сайынғы бірлескен әскери жаттығуына байланысты шығарған болатын.

«Бұл жаттығуды Солтүстік Корея арандатушылық ретінде бағалайтынын айтады»,- дейді «Интерфакс» агенттігіне сілтеген nur.kz сайты. Әскери бөлімдерді аралаған сапарында ол Солтүстік Кореяның қорғауындағы жерлерге қандай да бір наряд түсе қалса, Оңтүстік Кореяны жойып жіберетін соққы беруге дайын отыруды айтқан еді.

Ким Чен Ын сондай-ақ, өткен жылы қараша айында Оңтүстік Корея жерін зеңбірекпен атқылап, көрші елдің 4 азаматын өлтірген солдаттарға да алғысын айтты. Бұл қақтығыста Оңтүстік Корея да қарсы оқ атып, екі жақ ұрысты алғаш кім бастағаны жөнінде дауласқан еді.

Осы аптада Солтүстік Корея өз елдеріндегі коммунизм көсемдерінің ескерткіштерін құлату үшін АҚШ пен Оңтүстік Кореяның террористік әрекеттер жасауға ниеттеніп отырғанын жазып, бірқатар халықаралық ұйымдарға хат жолдаған болатын.

Коммунизм көсемі Ким Ир Сеннің ескерткішіне қауіп төнуіне байланысты Солтүстік Корея басшылығы республиканың ядролық саясатын түбегейлі қайта қарамақшы.
XS
SM
MD
LG