Accessibility links

Оңтүстік Кореяда экс-президенттің қызы сайлауға түспек


Оңтүстік Кореяның қазіргі президенті Ли Мен Пак. 29 желтоқсан 2010 жыл.
Оңтүстік Кореяның қазіргі президенті Ли Мен Пак. 29 желтоқсан 2010 жыл.
Оңтүстік Кореяның басқарушы консервативтік партиясы бұрынғы авторитарлық президент Пак Чжон Хидың қызы, 60 жастағы Пак Гын Хені келесі президент сайлауына үміткер етіп ұсынуды қолдап дауыс берді.

Сарапшылар 19 желтоқсанда өтетін сайлауда Пак Гын Хе жеңіске жетіп, ел тарихындағы тұңғыш әйел президент болады деген болжам айтады.

Бұрынғы президент Пак Чжон Хи 1961 жылы төңкеріс жасап, билікке келген, 1979 жылы өзінің барлау қызметінің басшысы қолынан қаза тапқан. Оңтүстік кореялықтар оны ел экономикасын көркейтті деп мақтағанымен, мемлекетті диктаторлық тәсілмен басқарды деп айыптайды.

Қазіргі президент Ли Мен Пактың өкілеттігі келесі жылы аяқталады.

Оңтүстік Кореяда президент бір-ақ рет бес жыл мерзімге сайлана алады.
XS
SM
MD
LG