Accessibility links

5 адамның өліміне айыпталған қырғыз шекарашы оққа ұшты


Қырғызстандық шекарашы. (Көрнекі сурет).
Қырғызстандық шекарашы. (Көрнекі сурет).
"Қырғызстанның Ыстықкөл облысында бес адамды өлтірген шекарашының көзі жойылды" деп хабарлайды Азаттық радиосының Қырғыз қызметі.

Ыстықкөл облыстық ішкі істер басқармасының өкілі Сталбек Усубакуновтың айтуынша, бүгін таңға жуық шекарашыны іздеуге шыққан топ оны облыстың Ак-Су ауданынан тапқан. Қолға түсіру кезінде қарсылық көрсеткендіктен, оны атып тастаған.

Қырғызстанның Қазақстанмен шекарасына жақын таулы аймақтағы Эчкили-Таш шекара заставасында қызмет ететін сарбаз кеше бес адамды атып, көлікпен қаруын алып қашып кетті деп хабарланған еді. Олардың бірі - бекет бастығы, үшеуі - қызметтес сарбаздар және біреуі - шекарашылардың бірінің әйелі.
XS
SM
MD
LG