Accessibility links

Тәжікстанда полиция наразылық танытушыларға оқ атты


Тәжікстандағы дала командирлерінің бірі Имомназар Имомназаров.
Тәжікстандағы дала командирлерінің бірі Имомназар Имомназаров.
Тәжікстанда Таулы Бадахшан облысының орталығы Хорог қаласында ықпалды дала командирлерінің бірі Имомназар Имомназаровтың қазасына наразылық танытқандарды тарату үшін полиция оқ атты.

Кейбір деректерге қарағанда, полиция наразылық танытушылар облыс әкімшілігінің ғимаратына басып кірмек болғанда қару қолданған. Екі адам жараланған.

Имомназаровтың үйіне өткен түні белгісіз біреулер шабуыл жасап, командирдің өзін өлтіріп кеткен еді. Шабуылдан оның ағасы жараланған.

Таулы Бадахшан облысында шілде айында қауіпсіздік қызметінің генералы Абдулло Назаровты белгісіз адамдар өлтірген. Үкімет күштері осыдан соң аймақта бұрынғы дала командирлерінің оппозициялық қарулы топтарына қарсы арнайы операция жүргізді. Билік Назаровтың өлімін Имомназаровтың қарулы тобынан көреді.
XS
SM
MD
LG