Accessibility links

Ресей Дүниежүзілік сауда ұйымына кірді


Дүниежүзілік сауда ұйымының туы. (Көрнекі сурет)
Дүниежүзілік сауда ұйымының туы. (Көрнекі сурет)
Ресей бүгін ресми түрде Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) мүше болып кірді.

Ресей үкіметінің болжамынша, енді алдағы үш жылда осының әсерінен елде бірқатар тауарлардың бағасы арзандайды. Олардың қатарында балық, жеміс-жидек, көкөніс, тропикалық елдерден келетін дәнді дақылдар, шоколад, сапалы шараптар, дәрі-дәрмектер, құрылыс материалдары, жиһаз, киім, электроникалық бұйымдар мен косметикалық тауарлар бар.

Бірақ Ресей мен АҚШ арасындағы сауда-саттықта АҚШ конгресі енгізген Джексон-Вэник түзетуі жойылмайынша ДСҰ шарттары мен ережелері күшіне енбейді.

Джексон-Вэник түзетуі - 1974 жылы конгресмендер Генри Джексон мен Чарльз Вэниктің АҚШ-тың сауда туралы заңына енгізген түзетулері. Ол заң бойынша АҚШ адам құқықтарын бұзып, эмиграцияға шектеу жасайтын социалистік блок елдерімен сауда жасай алмайды.

23 тамыздан бастап Ресейде Кеден одағының жаңа бірыңғай кедендік тарифі күшіне енеді. Ол тариф бойынша негізінен импортталған жаңа жеңіл көліктерден алынатын салық көлемі 30-дан 25 пайызға дейін азаяды.
XS
SM
MD
LG